
2025 жылғы 30 қараша күні Баянды ауылында сайлау өтетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты Сіздерді өз азаматтық құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді жүзеге асыру мақсатында сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырамыз.
Сайлау учаскелері белгіленген тәртіп бойынша сағат 07:00–20:00 аралығында жұмыс істейді.
Өз дауысыңызбен ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және болашағына ықпал ете аласыз.
Қатысуларыңызды сұраймыз.