
Бүгін аудан әкімі Қанат Құлжанов пен ауыл әкімінің міндетін атқарушы Сәлімжан Балбай Баянды ауылының тұрғындарымен жүздесті. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы атқарылып жатырған жұмыстарымен және жаңа жобалармен бөлісті. Кездесу барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар негізінен елді мекендегі жарықтандыру және газ мәселелерін көтерді.
Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңес берді.