Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Аманкелдіұлы көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапаттады.
Бұл марапат – аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі, ел болашағын қалыптастыру жолындағы қажырлы еңбегіне берілген жоғары бағалардың бірі.