Ауылда жаңа автобус аялдамасы қолданысқа берілді

Ауылда жаңа автобус аялдамасы қолданысқа берілді

 

3 шілде күні ауыл тұрғындарының игілігіне арналған жаңа автобус аялдамасы ресми түрде қолданысқа берілді. Аталған нысан ауыл инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдету мақсатында орнатылды.

Аялдаманы қабылдап алу үшін ауыл қоғамдастығының белсенді мүшелері және ауыл әкімінің орынбасары С.Балбай қатысып, нысанның тұрғындарға қызмет көрсетуге дайын екенін атап өтті.

— Бұл аялдама ауыл халқы үшін өте маңызды. Алдағы уақытта да осындай әлеуметтік жобалар жалғасын табады

Жаңа аялдама заманауи талаптарға сай жабдықталған және тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы ескерілген.