2025 жылдың 30-маусым күні жергілікті қоғамдастық мүшелерінің отырысы өткізілді.
Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, Баянды-2 т.ү.м көшелерінің біріне соғыс ардагері Утаев Абдулла есімін беру туралы ұсыныс қаралып, қоғамдастық мүшелері бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
Қазіргі таңда көше атауын рәсімдеу үшін тиісті құжаттар жасақталып, уәкілетті органдарға жолдануда.