Бүгін ауыл әкімінің орынбасары Салымжан Мәлікұлы Баянды медициналық санитарлық алғашқы көмек орталығы ұжымын кәсіби мерекелері – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысын айтып, денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбектері үшін құттықтау қағазын табыстады.
Бұл — медицина мамандарына көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі.