
“Жасыл ел” жастар еңбек жасағы жаңа еңбек маусымын ресми түрде бастады. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне үлес қосатын жастар тобы биыл да белсенді жұмыс атқаруға дайын екенін білдірді.
Ауыл әкімі орынбасары Салымжан Мәлікұлы жас сарбаздарға сәттілік тілеп, еңбектерінің ел игілігі үшін маңызды екенін атап өтті.
Жасақ мүшелері алдағы уақытта көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына атсалысып, ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосатын болады.