Мұнайлы ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім 13 мамырда басталады.

Мұнайлы ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім 13 мамырда басталады.

«Жасыл ел» еңбек жасағы аясында жастар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады.

Бағдарламаға қатысушылар:
Бағдарламаға 14 – 35 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады.
Құжат тапсырушылардың арасында ең бірінші әлеуметтік мәртебесі (көп балалы, аз қамтылған, толық емес және т.б.) бар отбасының балаларына басымдық беріледі.

Тиісті құжаттар тізімі:
* Өтінім;
* Сауалнама;
* Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік - 2 дана;
* Кәмелетке толмаған азаматтарға ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
* Кәмелетке толмаған азаматтарға ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлік көшірмесі - 1 дана;
* Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (Nº027 форма);
* Әлеуметтік мәртебесін анықтайтын анықтама;
* 20 таңбалы шот нөмірі - 2 дана;(тек Halyk bank)
* Оқу орнынан анықтама;
* Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт - 2 дана.

📌Құжаттар келесі мекенжай бойынша:

📍Баянды ауылы әкімі аппаратынан жолдама алып,
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау аулы, 18 квартал 5/2 ғимаратында қабылданады.

Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ

Құжаттарды қабылдау мамыр айының 23 жұлдызында тоқтылатынын ескертеміз!
🖇️Егер орын саны толған жағдайда қабылдау тоқтатылады.
📆”Жасыл ел-2025” еңбек жасағына құжаттарды қабылдау уақыты

Дүйсенбі-жұма: 09:00-18:30
Үзіліс уақыты 12:00-14:00