Салық міндеттемелері

Салық міндеттемелері

Баянды ауылының тұрғындары назарына!

Тексеру нәтижесінде салықтық міндеттемелерін орындамаған азаматтар анықталды:
- 301 адам – көлік салығы бойынша,
- 115 адам – мүлік (үй) салығы бойынша,
- 6 адам – жер салығы бойынша.

Жалпы берешек – 422 адам.

Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғанына қарамастан, төлем жасалмаған.

📌Ескертіледі:

Салық төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
- Негізгі қарыз сомасына өсімпұл есептеледі,
- Шоттарға және мүлікке тыйым салынады,
- Іс мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданады.

Салық қарыздарын төлеу – әрбір азаматтың заңды міндеті!
Талап етілген мерзімде төлем жасамаған жағдайда заңға сәйкес қатаң шаралар қолданылатын болады.

Өзіңізге және мүлкіңізге қиындық туындамас үшін берешектеріңізді дереу өтеңіз!

Қосымша сұрақтар бойынша Баянды ауылы әкімінің аппаратына хабарласыңыз:
☎️Байланыс нөмірі: +7 (778) 160-47-22