Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету

Баянды ауылы әкімі аппаратының жер қатынастары бойынша бас маман ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың жерге қатысты өтініштері қаралып, тиісті заңнамалық түсіндірмелер берілді.

Тұрғындар негізінен жер телімдерін рәсімдеу, пайдалануға беру, жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу және басқа да жер мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға нақты жауаптар мен кеңестер берілді.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.