
12.05.2026 жылы Батыр ауылының әкімі мейірбикелер күні қарсаңында ауылымыздың ақ халатты абзал жандары — мейірбикелермен кездесіп, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Кездесу барысында адам денсаулығын сақтаудағы ерен еңбектері мен жауапты қызметтері үшін алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, сала мамандарына арнайы Алғыс хаттар табысталып, еңбектеріне құрмет көрсетілді.
Ауыл тұрғындарының денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық мейірбикелерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тілейміз!