
Басқұдық ауылдық округі аумағында орналасқан балабақша мен мектептердің маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер өткелдерінің сызықтары қайта жаңартылып, белгіленген стандарттарға сәйкес қайта сызылды. Жүргізілген жұмыстар балалардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.