
Басқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Жангелдин, Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы, Халықтық бақылау тобының мүшелері және ауылдық округтің депутаты С. Хантораевпен бірге Басқұдық ауылдық округі аумағында орналасқан “Қызғалдақ”, “Айдана”, “Құрмет”, “Ақсұлтан” азық-түлік дүкендері мен “Нұр Ази” шағын маркетіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу талаптарының сақталуы, атап айтқанда, үстеме бағаның 15%-дан аспауы және әрбір тауарға баға көрсеткішін қою қажеттілігі жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Монитроинг мақсаты – ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын сақтау және азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Аталған жұмыстар жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.