
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналыстың төрағасы Құли Есенбай Ізтөреұлы қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Полиция қызметкерлердің есімін беруді дауысқа салды. Жиналысқа қатысушылар Басқұдық, Болашақ тұрғын үй массиві Егемен, Достық Береке көшелеріне қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Полиция қызметкерлердің есімдерін беруді толық қолдады. (Қолдағандар – 14, қарсы – жоқ, қалыс қалған жоқ).