Көпбалалы аналарға “Күміс алқа” наградасы табысталды.

Көпбалалы аналарға “Күміс алқа” наградасы табысталды.

Басқұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А. Жангелдин көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес берілген «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыстады.

Награда табыстау рәсімі барысында А. Жангелдин аналарды шын жүректен құттықтап, олардың елдің демографиялық дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін, отбасылық құндылықтарды нығайту мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі аналар рөлінің маңыздылығын ерекше атап өтті.