Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың назарына!

Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың назарына!

Бейнеу  аудандық мәслихаты, қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің  19-тармағының 1) тармақшасына сай Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөнінде КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. Қоғамдық кеңес мүшелерінің  құрамы 13 адамнан құралады: коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан – 10, мемлекеттік органдардан – 3.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Бейнеу ауданының шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

            1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар келесідей құжаттарды пошта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:

1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

            Кандидаттар туралы ұсыныстар  2025  жылдың  22  қаңтардан  бастап  4  ақпанға  дейін аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылу керек:

            Бейнеу  ауданы, Бейнеу  селосы,  Д.Тәжеиев  №10-1,  4-ші  қабат,  401  бөлме.

            Байланыс телефондары: 2-12-67. 2-22-47.

            Эл.пошта: m.toknazarov@mangystau.gov.kz

 

                                                            Бейнеу  аудандық мәслихатының аппараты