
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімі мен жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды қызмет.
Мемлекеттік қызметші өз қызметінде заң талаптарын сақтап, адалдық пен әдептілікті ұстанып, азаматтармен және әріптестерімен сыйластық қарым-қатынас орнатуы тиіс.
Қызметтік өкілеттікті жеке мүддеге пайдаланбау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, құмар ойындар мен бәс тігуге әуестікке жол бермеу – мемлекеттік қызметшінің кәсіби беделін қалыптастыратын маңызды қағидалар.
Әдептілік – мәдениеттің, адалдық – мемлекеттік қызметтің негізі!