БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХXV СЕССИЯСЫ

БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХXV СЕССИЯСЫ

БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХXV СЕССИЯСЫ

 2025 жылдың  24  қарашасында  сағат  11 00 - де  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 35-сессиясы өтті. Кезекті сессияға аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы ,бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Бораш Ардақ Раббимұлы төрағалығымен өткен кезекті сессияда 2 мәселе қаралды.

1.Бейнеу аудандық мәслихатының  2024  жылғы  25  желтоқсандағы  №24/182  «2025 - 2027  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  туралы»  шешіміне  өзгерістер  енгізу  туралы.

2.Бейнеу ауданында оңайтылған декларация негізінде  салық  режимін  қолдану  кезінде  мөлшерлемесінің  мөлшерін  төмендету  туралы.

 

Баяндамашы аудандық бюджетті нақтылау қажеттілігі жөнінде ақпарат беріп, енгізілетін өзгерістердің негіздемелерін түсіндірді.

Оңайтылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі туралы ұсыныс таныстырылды, оның экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығы түсіндірілді.