
Ақтауда түркі мемлекеттері арасындағы халықаралық турнир өтті
2025 жылдың 26–31 қазан аралығында Ақтау қаласында «Ақтау–2025 – Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында түркі мемлекеттері арасындағы халықаралық спорттық турнир өтті. Іс-шара Маңғыстау облысының әкімі мен Маңғыстау облыстық мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Турнирдің басты мақсаты — түркі елдері арасындағы мәдени және спорттық байланыстарды нығайту, достық пен өзара түсіністікті арттыру болды.
Жарысты Маңғыстау облысының “Бочча” паралимпиадалық спорт түрі федерациясы ұйымдастырды. Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан елдерінің спортшылары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара аясында «Инклюзивті спорт: түркі елдерінің тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 26 қазан күні Ақтау қалас, 34 шағынаудан, "Достық үйі" ғимаратының мәжіліс залында өтті, ал жабылу рәсімі 30 қазан күні ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы мен депутаттары қатысып, спортшыларға қолдау білдіріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.