Мәслихат депутаттарына арналған тәжірибелік тренинг
2025 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан аралығында Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тәжірибелік тренинг өтті. Тренингке Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы, депутаттары және аппарат басшысы қатысты.
Іс-шара Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының, ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Ұйымдастырушылық-басқарушылық оқыту институтының және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қатысушылар халықпен және мемлекеттік органдармен тиімді коммуникация орнату, мемлекеттік қызмет этикасы, мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттердің ашықтығы мен орындалуын бақылау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараның нәтижесінде депутаттардың жергілікті өкілдік биліктің тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған практикалық дағдылары жетілдірілді.