«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңның 19-бабына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихаты Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы бойынша бос орын жөнінде төмендегідей хабар береді.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңның 10-бабына сәйкес 2025 жылдың 30 мамыр - 13 маусым аралығында сағат 18:30-ға дейінгі мерзімде жоғарыда аталған сайлау комиссиясына кандидатуралар ұсынуыңызды сұраймыз.
Осыған орай, саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің отырыстарының тиісті сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы хаттамаларынан көшірмелер;
2) саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы өтініші (жеке куәлігінің көшірмесі) қоса тіркеледі;
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты. Байланыс телефондары: 8 (7292) 466218.
Мұнайлы аудандық мәслихаты.