Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 114-тармағын (тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру) орындау мақсатында үстіміздегі жылғы 7-сәуір күні Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Басқарманың бөлім басшысы А. Ықыласқызы әскери қызметшілерге қызмет барысында және күнделікті өмірде тіл туралы заңнама талаптарын сақтау, тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әскери қызметшілер елімізде іске асырылып жатқан тіл саясаты, тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылуы барысымен танысып, сұрақтарын қойып, өз пікір-ұсыныстарын білдірді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.