Күйші-сазгер, ақын, жыршы Мұрат Өскенбайұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Бір басына бірнеше өнер берген қайқылардың жұрыны, сол өнерінен теперіш көрген талайлы тұлға, қазақ өнерінің қамбасына бір өзі 300-ден астам ауыз әдебиеті мен музыкасының үлгілерін салған көмбе-көкірек Мұрат Өскенбайұлының туғанына биыл 120 жыл!
Атамекен топырағы өзінің абзал ұлын қолынан келгенше ұлықтауда. Филармония, саз мектебі, көшелерге атын еншілеп, республикалық, халықаралық конкурс өткізіп келеді.
Бүгін күйшінің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Ескерткіш тақтаның ашылуына күйшінің тумаластары, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара Мұрат Өскенбаев атындағы ІІІ халықаралық аспапта орындаушылар байқауымен жалғасты