Маңғыстау облысының мәдениет мекемелерінде 4176 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облысының мәдениет мекемелерінде 4176 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облысының мәдениет мекемелерінде 4176 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды Маңғыстау облысының мәдениет, өнер және архив жүйесіндегі 6 ай ішінде 133 мемлекеттік ұйымда барлығы 4176 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып, келушілер саны 658 928 құрады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Базаралиева хабарлады. Атап айтқанда облыстағы кітапханаларда 2184 іс-шара, облыстағы мәдениет үйлері мен концерттік ұйымдарда 1698 шара, театрларда 217 қойылым, облыстағы музейлер мен архивтерде 77 шара ұйымдастырылды. Іс-шаралар атаулы мерекелік күндер, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар мен Иса Тілембайұлының 195 жылдығына, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 165 жылдығына, Түмен Балтабасұлы 140 жылдығына, Сүгір Бегендікұлы 130 жылдығына, Мұрат Өскімбайұлының 120 жылдығына, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына, Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына, Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына, Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына, т.б. мемлекеттік тұлғалар мен өнер өкілдерінің мерейтойларын қамтыды. - Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс 2024 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша облыстағы 4-17 жастағы балаларды шығармашылық тегін үйірмелермен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 1,7 млрд. тг. бөлініп, 10 210 бала үйірмелерде оқытылуда. Тіл туралы заңның сақталу мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, меншік нысанына қарамастан, 659 нысан иелері мен жарнама беруші кәсіпкерлерге сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер берілді және ескерту хаттар табысталды,-дейді Гүлнар Базаралиева. Айта кетсек, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлы шараларына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдары 3 мәдениет нысан Сайөтес ауылы, Дәулет ауылы, Жаңаөзен қаласынада, 2 мәдениет үйі, 1 тарихи-өлкетану музейі филиалын салу және Маңғыстау облысы бойынша 16 мәдениет нысанына жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.