21-ақпан Дүниежүзілік экскурсоводтар күні. Бұл қүні Маңғыстау облысының музейлері жас экскурсоводтар сайысын өткізуді дәстүрге айналдырды. Серікбол Қондыбайдың 55-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бойынша сайысты өткізу мәртебесі біздің музейге бұйырды. Шараға Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану музейі және оның Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған аудандарындағы, Жаңаөзен қаласындағы филиалдары, Адай ата – Отпан тау тарихи этномәдени кешенінің және Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің экскурсоводтары қатысты. Олар 5 кезең бойынша 7 экскурсовод бағын сынап, білімдерін ортаға салды. Сайыс жүлдегерлері анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды