19 қаңтар күні көрнекті ақын, драматург, «Отан», «Құрмет» ордандарінің, «Алтын барыс» төсбелгісінің, мемлекеттік «Дарын», халықаралық «Алаш» сыйлықтарының иегері Светқали Нұржанның «Тарғыл тасқа тамған жыр» атты шығармашылық кеші өтті. Мерекелік шарағаМаңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев, ақын-жазушылар және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.Шығармашылық кеште ақын өз өлеңдерін оқыды. Өңірге танымал әншілер ақынның сөзіне жазылған өлеңдерді орындады. Өңір басшысы Н.Ноғаев сөзінде ақын Светқали Нұржан қазақ халықының сезімін, интелектуалдық әлемін, табиғатын шығармашылығымен әдебиеттің дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.