«Алаштың абызы» атты Әбіш Кекілбайұлының туған күніне арналған еске алу шарасы

«Алаштың абызы» атты Әбіш Кекілбайұлының туған күніне арналған еске алу шарасы

«Алаштың абызы» атты Әбіш Кекілбайұлының туған күніне арналған еске алу шарасы ұйымдастырылды. Ескерткішке гүл қою рәсімінен кейін жазушының рухына Құран бағышталды. Еске алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Тналиев Ұлықбек Серікұлы, мәдениет саласының өкілдері, жазушының замандастары, Маңғыстаудың зиялы қауым өкілдері және жазушының бала-немерелері қатысты. Шара барысында Ә.Кекілбайұлының жастайынан бірге өскен жерлесі Лебен Сәдуақасұлы, Сайын Назарбекұлы өз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, Ә.Кекілбайұлының тырнақалды туындылар жинағының тұсаукесері болды.