II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰРАТ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫНДА ОРЫНДАУШЫЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰРАТ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫНДА ОРЫНДАУШЫЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰРАТ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ

ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫНДА ОРЫНДАУШЫЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен және Маңғыстау  облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет  көрсету  орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау күйінің атасы атанған кәсіби домбырашы, дәулескер күйші, жыршы, халық композиторы Мұрат Өскінбайұлы атындағы  II  халықаралық халық аспаптарында орындаушылар  конкурсы  өз мәресіне жетті.

Талапкерлеріміз «Домбыра», «Домра-прима», «Шертер», «Қобыз», «Ғиджақ» номинациялары бойынша өнер сайыстырды.

Екінші халықаралық конкурсымызға   Өзбекстан, Қырғыз елдерінен және республикамыздың барлық өңірлерінен атап айтқанда: Батыс Қазақстан облысынан – 2, Қызылорда облысынан – 1,  Атырау  облысынан – 8,   Маңғыстау облысынан – 11, Павлодар облысынан – 1, Алматы облысынан – 1, Нұр-Сұлтан қаласынан – 4, Алматы қаласынан – 11 үміткер сонымен қатар   Өзбекстан  елінен – 1, Қырғыз елінен – 1 үміткерден, барлығы   41 үміткер  қатысты.

Конкурстың мақсаты - Аймақтың музыкалық мектебін халықаралық деңгейде насихаттау, орындаушылардың  арасынан жаңа есімдерді анықтау; Бабалар мұрасын қайта жаңғырту, халқымыздың мәдениетін сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы дәстүрлі өнеріміздің төл туындыларын шет елдік өнерпаздар арасында ілгерілету; Мұрат Өскінбайұлы шығармаларын әлем халықтарының  аспаптарында орындату арқылы насихаттау; Мұрат Өскінбайұлының Түркі дүниесінің өнер көгіндегі өзіндік нақышты өрнегін әрі қарай,  кәсіби  деңгейін, шеберлігін жетілдіру.

«Домра-прима»,   «Шертер» номинациясы бойынша:

Қазылар  алқасының төрағасы - Бегалиев Мұратбек Акимович – композитор, Қырғыз Республикасының халық әртісі, Қырғыз Ұлттық консерваториясының ректоры; қазылар алқасының мүшелері - Мухаметдинова Гузель Фаилевна   – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының профессоры; Сүндетов Аманбек Махуұлы – ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры,  Маңғыстау   өнер колледжінің оқытушысы; Базарбаев Бекбол Таңатарұлы – ҚР «Мәдениет қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры; Көбенғалиев Бауыржан Асқарұлы – Республикалық конкурстардың лауреаты, Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі; 

 

«Қобыз», «Ғиджақ» номинациясы бойынша:

Қазылар  алқасының  төрағасы - Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы  – ҚР еңбегі сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор; қазылар алқасының мүшелері Мадреев Рахат   Бекболұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Абыл Тарақұлы  атындағы қазақ оркестрінің көркемдік  жетекшісі және бас дирижері; Бестембеков Әділ Сарсенбайұлы  – Республикалық конкурстардың лауреаты, ҚР мәдениет саласының үздігі, Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы кіші симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері; Ербозова  Гүлжамал  Аманғалиқызы  – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің    дипломанты,   Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің қобыз тобының  концертмейстрі; Арзымбетова Нэйля Асубекқызы – Республикалық конкурстардың лауреаты, Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі.

 

«Домбыра»  номинациясы бойынша:

Қазылар алқасының төрағасы - Жүдебаев Арман Әділханұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры; қазылар алқасының мүшелері - Сержан Шакрат Ысқақұлы - ҚР еңбек сіңірген қызметкері,  «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, Құрманғазы  атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры; Айдарбаева Роза Тайманқызы - ҚР еңбегі сіңген әртісі,  «Құрмет»  орденінің иегері, Құрманғазы  атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының  құрметті  профессоры; Сахарбаева Карима  Сүндетқызы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның  профессоры; Тілепбергенов Абылай Жанболатұлы – Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Республикалық «Серпін» жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері; Жаңбыршы Айтберген Әбілұлы – ҚР мәдениет саласының үздігі,  Ы.Алтынсарин  төсбелгісінің иегері,  музыка  зерттеуші; Қадырқұлов Жұмабек Боранбайұлы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті  төрелік етті.

2021 жылдың 24-26 қараша күндері  өткен Мұрат Өскінбайұлы атындағы II халықаралық халық аспаптарында орындаушылар  конкурсында қазылар алқасының ұйғарымымен  БАС ЖҮЛДЕ (бір миллион теңге)  – Жұмабаев Жәнібек Абдрахманұлы (Маңғыстау облысы)  ие болды.

 

«Домбыра» номинациясы бойынша:

 

1 орын

1.Давлетияров Асылбек Әліпбайұлы - Маңғыстау облысы

2.Базарбаева Назерке Семғалиқызы - Алматы қаласы

 

2 орын

1.Әшімхан Нұрғали Нариманұлы - Алматы қаласы

2.Күзембай Іңкәр Бақытжанқызя - Маңғыстау облысы

3.Әлібеков Серік - Атырау облысы

                 

3 орын

1.Нұрғали Төлеби Нұрғалиұлы - Алматы қаласы

2.Жамбыл Қайсар Жамбылұлы - Маңғыстау облысы

3.Нажекенов Нұрлыбек Наурызбайұлы - Атырау облысы

4.Кузанбаев Наурызбек Уралханулы - Батыс Қазақстан облысы

                     

Дипломант

  1. Қарамұханова Әлия Озғанбайқызы - Маңғыстау облысы
  2. Қасымова Айшолпан Шыңдауылқызы - Маңғыстау оьлысы

                    

Арнайы жүлде

1.Өскінбай Қалмамбетұлы атындағы - Достиярова Бекзада Еркебулановна - Нұр Сұлтан қаласы

2.Қалмамбет атындағы - Зинеденов Әнуар Жандарбекұлы - Атырау облысы

 

Алғыс

  1. Қожамжар Нұрдәулет Сәдуақасұлы - Маңғыстау облысы
  2. Соңғыбаев Еркебұлан Амангелдіұлы - Маңғыстау облысы
  3. Жұмағалиев Қайрат Ержанұлы - Атырау облысы
  4. Амантұр Ғалымжан Сәбитұлы - Маңғыстау облысы
  5. Бақыт Бексұлтан Ерсайынұлы - Алматы қаласы
  6. Бүркіт Қадірәлі Ерсайынұлы - Маңғыстау облысы
  7. Жетібаев Алмаз Маратұлы - Алматы қаласы
  8. Иса Есболат Ибрагимұлы - Атырау облысы
  9. Мүкен Мұхит - Алматы облысы, Талдықорған қаласы
  10. Жасаңбаев Мадияр Берікұлы - Қызылорда облысы
  11. Үмбетова Нұрай Жұлдызбековна - Батыс Қазақстан облысы
  12. Казкенов Дастан Серікболұлы - Алматы қаласы

 

«Домра-прима», «Шертер»  номинациясы бойынша:

 

1 орын

Коразбаева Асем Тлеубаевна -  Нұр-Сұлтан қаласы

 

2 орын

1.Мұратұлы Ертұрсын - Алматы қаласы  

2.Марат Мустафа Маратулы - Алматы қаласы

 

3 орын

1.Жолмағамбетов Әлинұр Алтайұлы - Алматы қаласы 

 

Дипломант

1.Дауылбаев Райымбек Артурұлы - Атырау қаласы 

 

Алғыс

1.Нұржанқызы Перизат - Алматы қаласы 

2.Мұғалов Шимат Табылғанұлы - Атырау қаласы

 

«Қобыз», «Ғиджақ»  номинациясы бойынша:

 

1 орын

Атошева Гүлім Қазиханқызы – Нұр-Сұлтан қаласы

 

2 орын

1.Кисярова Арайлым Батырханқызы – Атырау облысы

2.Шодырова Ұлмекен Қонақбайқызы – Маңғыстау облысы

 

3 орын

1.Гуломбеков Жавлонбек Муратбек – Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы

2.Мааданбекова Жибек Солтоевна – Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы

3.Мейрханова Айым Талгатовна – Павлодар облысы

 

Дипломант

1.Талғатова Нурайсұлу Ақылбайқызы – Алматы қаласы

2.Аманқос Гүлсезім Аманқосқызы – Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

Қатысушыларға жүлделі орындар, алғыс хат және дипломмен бірге  бірқатар қатысушылар Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) және Адайдың жеті қайқысының бірі Өскінбай Қалманбетұлының атындағы арнайы жүлделер мен ақшалай сый-сияпатпен марапатталды. 

 

2008 жылы республикалық байқау ретінде бастау алып, жеті мәрте өткізілген өнер сайысы 2018 жылы халықаралық конкурс ретінде туын көтерді.

Күллі түркі жұртының әуенін қара домбырасының шанағына қамаған, қазақ өнерінің қазынасын бір өзі 300-ге жуық жауһар дүниелермен байытқан Мұрат Өскенбайұлы мұндай құрметке әбден лайық деп есептейміз! 

II халықаралық конкурсымызға бақ сынауға келген шет ел азаматтарына,  конкурсқа қазылық еткен  Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының бас хатшысы – Дүйсен Қорайбайұлы Қасейіновке, Даулескер күйші, ел мақтанышы Сержан ағаға шараның өтуіне атсалысқан барша азаматтарға айрықша алғыс білдіреміз.

    Мұрат Өскінбайұлы атындағы III халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсында жүздескенше. Мұрат күйшінің әруағы риза болсын, аман болыңыздар!