Маңғыстауда 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды

Маңғыстауда 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды

Маңғыстауда 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды

23 қарашада Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында озық үлгідегі әмбебап кітапхана ашылды.

​Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы, профессор, дипломат әрі қоғам қайраткері Дүйсен Қасейінов, Қабиболла Сыдиықовтың зайыбы Гүлшат Сыдиықова, облыстық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

​Кітапханада 500 мың кітап қоры бар. Бұл облыстағы 66 кітапхананың әдістемелік орталығы болып табылады. Ғимарат ішінде Тұңғыш президент залы, зағип жандарға арналған арнайы зал, интернет залы, шетел әдебиеті залы, балалар мен жасөспірімдер залы, коворкинг орталығы сынды 12 зал мен 5 оқу бөлімі жұмыс істейді. Кітапхана қоры жыл сайын толығып отырады.

Шарада сөз алған өңір басшылы Нұрлан Ноғаев оқырмандарды руханият ошағының ашылуымен құттықтап, кітапхана ұжымының жұмсына табыс тіледі.

Алқызыл лентаны қию рәсімі Қабиболла атамыздың жары Гүлшат Сыдиықова мен ТҮРКСОЙ ұйымының басшысы Дүйсен Қасейіновке ұсынылды!