ЖАҢӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА «МАҢҒЫСТАУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ЖАҢӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА «МАҢҒЫСТАУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 

ЖАҢӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА «МАҢҒЫСТАУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 

 2 қараша күні Жаңаөзен қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты Облыстық XII «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі өтті. Өңірімізде тұрақты өтіп келе жатқан дәстүрлі байқаудың мақсаты: танылмаған таланттардың өнерін көрсету, насихаттау. Додалы жарысқа дүйім жұрттың ішінен ең дарындыларын дайындап, жұлдыздарына жол ашқан Жаңаөзен қаласының өнерпаздары 12 номинация бойынша өнер көрсетті: халықтық-аспаптық музыка жанры (оркестр, домбырашылар ансамблі), халықтық аспаптарда орындау, дәстүрлі ән, жыр,эстрадалық музыка жанры бойынша вокалды аспапты ансамбльдер (соло, дуэт, трио, квартет), көркемсөз оқу, классикалық жанр, хореография жанры (халық биі, эстрадалық сахналық би, жеке би, тақырыптық би), бейнелеу өнері, дәстүрлі ән және айтыстан қатысушылар сынға түсті. Байқау жеңімпаздары әділқазылар алқасының шешімімен анықталады.

Маңғыстау өнері қанатын кеңге жая бергей!

 

Бүгін 3 қараша күні «Абыл» атындағы Бейнеу аудандық мәдениет үйінде өнер фестивалінде Бейнеу ауданының таланттары додаға түседі. Сағат 11:00.