Құрметті Қазақстандықтар, Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын.
26 жыл бұрын жалпыұлттық референдумда еліміздің Негізгі заңы қабылданған болатын.
Конституция – Қазақстан азаматтарының бостандығы мен құқықтарын, ар-ожданын, елдің тұтастығы мен бірлігінің кепілі.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды.
Ендеше осы айтулы мереке баршаңызға құтты болсын!
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін!
Сіздерге бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы
П. Сармурзина