artsport.edu.kz порталына тіркелуге шақырамыз!

artsport.edu.kz  порталына тіркелуге шақырамыз!

Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңына және Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылғы 1 мамырдан бастап елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Еліміздегі 4-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін  шығармашылық және спорттық үйірмелерге қатысу тегін (бір балаға 2 үйірмеден көп емес).
Қазіргі таңда artsport.edu.kz  порталына үйірмелерді ұйымдастырып жүргізуші шығармашылық және спорттық салалардың ұйымдары (меншік нысанына қарамастан), жеке кәсіпкерлер мен басқа да заңды тұлғалар тіркелуде. Аталған өнім берушілер artsport.edu.kz  порталына заңнамаға сәйкес тиісті құжаттарын толық жүктеген соң Тізілімге енгізіледі.
Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері де шығармашылық және спорттық үйірмелер мен өнім берушілерді таңдау үшін жоғарыда аталған порталға тіркелуге мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда республика деңгейінде ұйымдастырушылық жұмыстар әлі де жүргізілуде - әзірше artsport.edu.kz  порталының тек орыс тіліндегі нұсқасы іске қосылды.
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы облыстағы 4-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары мен балалардың заңды өкілдерін artsport.edu.kz  порталына тіркелуге және балаларды тіркеуге шақырады!
(Анықтамалар үшін: тел.8/7292/330941; 87073250578).