Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде "ХХІ ғасырдағы музей маманы, біліктілік пен мансап» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өтуде.

Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде "ХХІ ғасырдағы музей маманы,  біліктілік пен мансап» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өтуде.

2021 жылдың 10-11 маусым күндері Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен республикалық «Kazmuseum» оқу-әдістемелік және медиа орталығының мамандары «ХХІ ғасырдағы музей маманы, кәсіби біліктілік пен мансап» тақырыбында біліктілік арттыру курсын өткізуде. Оқу курсына облыстық музей мен оның филиалдарының қызметкерлерінен бөлек, «Отпан» тарихи-мәдени кешені, облыстық тарихи-мәдени қорық және  С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей қызметкерлері – барлығы 38 тыңдаушы қатысуда. Музей саласына қатысты мұндай шара облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отыр. 
Екі күндік оқу барысында тыңдаушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының  орынбасары Күміс Сейітованың «Қазақстан музейлерінің даму үрдісі және музей саласындағы қолданыстағы заңнаманың тұжырымдамалық нормалары», ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Назгүл Қадырымбетованың «Музей ісіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдану жолдары», «Kazmuseum» оқу-әдістемелік және медиа орталығының жетекшісі Нұрсерік Жолбарыстың «Музей ісіндегі жаңа трендтер», «Музейдегі экспозиция және көрме жұмысы» тақырыбындағы дәрістерін тыңдайтын болады. Курс соңында тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталады.