ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ БАЛАЛАР ЕРТЕГІСІН БЕЙНЕҮЛГІДЕ ҚҰРАСТЫРДЫ

ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ БАЛАЛАР ЕРТЕГІСІН БЕЙНЕҮЛГІДЕ ҚҰРАСТЫРДЫ

Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылының кітапханашысы Сәнімгүл Шалабаева «Тышқан, ит және мысық» атты балалар ертегісін бейнеүлгіде құрастырды. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кітапханашы әр оқушының ертегі оқуға деген қызығушылығын оятып, шығарманы заманауи үлгіге дайындауды мақсат еткен. Ол жұмыс барысында арнайы бағдарламаларды қолданып, ертегі кейіпкерлеріне жан бітірген. Туынды оң бағаға ие болған.

«Қазіргі уақытта ертегі оқу тым сиреп барады. Ол жасырын емес. Дегенмен ертегінің мазмұны басқа адамдарға қамқор болуға, ерінбей еңбек етуге шақырады. Балалар кітапты, ертегілерді көп оқу керек. Осыған сәйкес, әр баланың қызығушылығын арттыру мақсатында өзім әр кейіпкердің даусын сомдап шықтым», - деді Сәнімгүл Шалабаева.

Оның айтуынша, ертегі 1-4 сынып оқушыларына арналған. Туындыны дайындауда ғаламтордан қажетті дереккөздер қолданған.

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ