
Маңғыстау облысында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңі бойынша әділ қазылар алқасының іріктеу отырысы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің сауатты ресімделуін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер мен белсенді азаматтарды ынталандыру.
Отырыс барысында арнайы құрылған әділ қазылар алқасы өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінен, тауар өндірушілерден және тіл тазалығын қадағалап, қателерді түзетуге атсалысқан белсенді азаматтардан түскен өтінімдер мен материалдарды сарапқа салып, төмендегі үздіктерді анықтады.
Әділ қазылар алқасылар шешімімен:
Жеке тұлғалар арасында
1 орын - Бекқұлова Нұржамал, Ақтау қаласы
Кәсіпорындар мен ЖК арасында
1 орын – «Әділ сүт» ЖШС
2 орын –«ЖК Жапарова Ж»
3 орын –«ЖК Утебаева Ж»
Жеңімпаздар Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының дипломдарымен және қаржылай сертификаттарымен 4 қыркүйектегі Облыстық тілдер
фестивалі аясында марапатталады. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 1 орын жеңімпаздары республикалық байқауға қатысуға жолдама берілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!