«Абайға тағзым»: Ақтауда ескерткішке гүл шоқтары қойылды

«Абайға тағзым»: Ақтауда ескерткішке гүл шоқтары қойылды

Ақтауда 10 тамыз - Абай күніне орай ақынның тағылымды ойларын дәріптеу, өлмес мұрасы кеңінен насихаттау үшін бірнеше мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі - «Абайға тағзым» атты ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мектеп оқушылары қатысты.