Маңғыстауда музей мен білім саласы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Маңғыстауда музей мен білім саласы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Маңғыстауда музей мен білім саласы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Маңғыстау облыстық білім басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тарихи құжатқа Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Эльвира Абланова мен Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев қол қойды, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Меморандумның негізгі мақсаты – музей ісі мен білім беру саласы арасындағы байланысты нығайту, оқушы жастардың тарихи танымын кеңейту және ұлттық мәдени мұраны дәріптеу.

Келісім аясында тараптар келесідей бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруды көздеп отыр:
* Бірлескен көрмелер мен танымдық кездесулер ұйымдастыру;
* Ғылыми-тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру;
* Мәдени-ағартушылық іс-шаралар мен музейлік сабақтар өткізу.

Бұл бастама өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен зерттеу ісіне жаңа серпін бермек. Сонымен қатар музей мен білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасу процесін жандандырып, жас ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.