3 шілде күні сағат 17:00-де Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Әсем Әшірова, «Риза-Ана» қоғамдық қорының директоры Бибігүл Рамазанова және «Көмек командасы» қоғамдық қорының директоры Қанат Айтбай тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап береді.
Тақырыбы: Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен 2026 жылы жүзеге асырылатын мемлекеттік гранттық тапсырыстар туралы
Тікелей эфир Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының YouTube әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей эфир кезінде қоя алады.
Сілтеме
https://youtube.com/channel/UC9950f5QBL9LcnRej-xzbpg?si=rHI1XoCRidfQKdR0