Ақтауда Ұлттық домбыра күні аясында көшпелі кітапхана жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ақтауда Ұлттық домбыра күні аясында көшпелі кітапхана жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ақтауда Ұлттық домбыра күніне орай Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен қоғамдық көліктерде жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Қоғамдық көліктерде өткен «Домбыра – ұлт бойтұмары» атты көшпелі кітапханада қазақтың халық күйлері орындалып, домбыраның күмбірлеген үні жолаушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ қазақ ақындарының домбыраға арналған сырлы өлеңдері оқылып, ұлттық өнер мен рухани мұра құндылығы кеңінен насихатталды.

«Іс-шара аясында кітапхана қорындағы домбыра өнері, күй мәдениеті және ұлттық мұраға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, жолаушыларға кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар танымдық викторина ұйымдастырылып, ұлттық өнерге қатысты сұрақтарға белсене қатысып, дұрыс жауап берген жолаушыларға кітапхана атынан арнайы сыйлықтар табысталды»,- деді орай Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Сарсембаева.

Көшпелі кітапхана акциясы жолаушылардың қызығушылығын оятып, жылы лебізге ие болды. Бұл бастама ұлттық өнерімізді дәріптеуге, кітап оқуды насихаттауға және халқымыздың баға жетпес мәдени мұрасын кеңінен танытуға үлес қосады.