Абай атындағы мәдени-демаоыс кешенінің «Колибри» арт-студиясы Грузияның Кобулети қаласында өткен халықаралық шығармашылық фестивальде жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. 24-29 маусым аралығында ұйымдастырылған байқауда өнерпаздар түрлі елден келген мықты ұжымдармен бақ сынасып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
«Колибри» арт-студиясының тәрбиеленушілері өздерінің кәсібилігі мен ерекше артистизмі арқылы байқаудың бас жүлдесі – гран-приді қанжығаларына байлады.
Байқау нәтижелері бойынша қатысушылар келесідей жетістіктерге жетті.
Жоғарғы жас санаты бойынша:
Гран-при: «Барыня», «Репка», «Нәзіктік» билері, сондай-ақ жеке орындаушылар: Хамзина Мерьям, Мамедова Эвелина, Нагим Аружан және Қоныратбай Енлик.
1-орын: Арестова Александра, Квартет (Дауренқызы Мадина, Серікбол Айлин, Құрман Азиза, Сүлейман Аянат) және «Аққу» би ансамблі.
Орташа жас санаты:
Гран-при: «Нежность» эстрадалық биі, Алиса Мезенцева («Аққу» жеке биі) және Мәриям Дауқараева («Кай хуа» жеке биі).
1-орын: «Қызғалдақтар» биі.
Сонымен қатар «Гранд» би мектебі де жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Гран-при: Күшімова Амира (соло) және «Домбыра» қазақ биі. Ал 1-орынды «Заманауи би» бағытындағы өнері арқылы иеленді.