«Күй – Қаршыға»: Қазақ музыка өнерінің майталманы Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған концерт өтті

«Күй – Қаршыға»: Қазақ музыка өнерінің майталманы Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған концерт өтті

Қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықатының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, дара дарын иесі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен өткен «Күй – Қаршыға» атты концерттік кеште ұлттық музыка өнерінің жауһарлары дәріптелді. Маңғыстау облыстық филармониясының оркестрі орындаған концерт бағдарламасы көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Кеш барысында Қаршыға Ахмедияровтың таңдаулы күйлері мен ұлттық музыка өнерінің үздік шығармалары орындалды. Бұл кеш – күй өнерінің қыраны атанған ұлы тұлғаның өнеріне деген зор құрметтің белгісі болды.

«Күйдің қыранына тағзым, өнеріне құрмет!» ұранымен өткен шара өнер иесінің музыка өнері арқылы мәңгілік ғұмыр кешетінін тағы бір мәрте айқындап берді. Қазіргі таңда домбырадан бастап, сазға дейінгі ортақ әуендеріміз бен терең тамырларымыз халық жадында жаңғырып, ұрпақтар жалғастығын көрсетті.

Қаршыға Ахмедияров – қазақ халқының мақтанышы, күйші, композитор және дирижер ретінде қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Оның мұрасы – бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына.