Ақтауда креативті индустрия өкілдерінің «Шабыт Bazaar» жәрмеңкесі өтеді

Ақтауда креативті индустрия өкілдерінің «Шабыт Bazaar» жәрмеңкесі өтеді

 

Ақтауда Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 24–25 маусым күндері Қабиболла Сыдиықұлы атындағы облыстық әмбебап кітапханасының аумағында «Шабыт Bazaar» көрме-жәрмеңкесі мен «Дара» эстрадалық вокал өнер студиясының есептік концерті өтеді.

Екі күнге созылатын бұл шара өңірдегі креативті индустрия өкілдері мен жас таланттардың басын қосып, қала тұрғындарына шынайы өнер мерекесін сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілердің шығармашылығын насихаттау, жас дарындарды қолдау және тұрғындардың мәдени демалысын мазмұнды өткізу.

Кітапхана алаңы екі күн бойы нағыз шығармашылық ордасына айналады. Көрме-жәрмеңкеге өңірдің белгілі қолөнер шеберлері, суретшілер мен креативті индустрия өкілдері қатысып, өздерінің бірегей туындыларын көпшілік назарына ұсынады. Келушілер ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына ерекше қызығушылық танытып, шеберлердің еңбегін сатып алу арқылы оларға қолдау білдіреді.

Іс-шара аясында жұмыс істеген «ART-SPACE» шығармашылық аймағы кештің ең тартымды тұстарының бірі болады. Мұнда суретшілер көрермендердің көз алдында экспресс-портреттер салып, шығармашылық процестің қыр-сырын паш етеді. Бұл алаң өнерсүйер қауымды бір ортаға тоғыстырып, қаладағы шығармашылық ортаның қалыптасуына серпін береді.

Кештің негізгі музыкалық бағдарламасын «Дара» эстрадалық вокал өнер студиясының есептік концерті құрайды. Студияның жас өнерпаздары қазақ және әлемдік эстраданың танымал әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Сондай-ақ концерттік бағдарлама аясында көрерменге арналған танымдық ойындар мен интерактивті викториналар ұйымдастырылады.