Маңғыстау облысында Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған Тіл фестивалінің жабылу салтанаты өтті.

Маңғыстау облысында  Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған  Тіл фестивалінің жабылу салтанаты  өтті.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Өркендеудің тілі- мемлекеттік тіл» атты облыстық фестиваль шеңберінде өткен байқаулардың жеңімпаздары, семинар-тренингтерге,  дөңгелек үстел т.б. шараларға белсене қатысқан тұлғалар марапатталды.

Фестиваль қатысушыларын  Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Г.Ж. Базаралиева құттықтады.

Аталған шараға филология ғылымдарының кандидаттары Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің қауымдастырылған профессорлары Ж.Т. Қобланов және А.Н. Отарова, филология мамандығының студенттері, кәсіпкерлер және әкімдік өкілдері қатысты.