«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық семинар-кеңес өтті

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық семинар-кеңес өтті

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық семинар-кеңес өтті

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің тіл саясатына жауапты мамандары, кәсіпорындар, банктер, баспа, тамақтану, басқа да салаларда қызмет көрсетуші кәсіпкерлер, тіл жанашырлары және қоғам белсенділері қатысты.

Семинар барысында көрнекі ақпарат, оқыту, құжатайналым мен аударма мәселелері қаралып, тіл саясатына қатысты өзекті тақырыптар талқыланды.
Жиында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жанамбайқызы мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жаңалықтармен таныстырды.
Сонымен қатар, тәжірибелі тіл маманы, журналист Аталық Әбдешұлы қазақ тілінің ғылым мен технология салаларында қолданылуы туралы, ал келесі баяндамашы Басқарманың бөлім басшысы Айгүл Ықыласқызы - тіл саясаты, ономастика, көше аншлагтарының дұрыс жазылуы, т.б. мәселелерге тоқталды.
Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – еліміздегі тіл саясаты тиімді іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.