11.09.2025ж. Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, облыстық тіл фестиваль шеңберінде - мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер арасында республикалық «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері - әскери қызметшілер қатысты.

4 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар: білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тілдік дағдыларын ортаға салып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.

          Байқаудың мақсаты - әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:  1 орынды- Вегерт Владислав Эвальдович, 2 орынды- Еланцев Анатолий Евгеньевич, 3 орынды Халықтаев Шахрухбек Шадиматұлы иеленді. Марапаттау рәсімі 12.09.2025ж. облыстық тілдер фестивалінің жабылу салтанатында өтеді.