Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Үкіметтік емес ұйымдар үшін

2026 жылға арналған мемлекеттік

гранттардың басым бағыттарының

тізбесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 4-2-бабының 2-тармағының                                                    6-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйырығының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Мәдениет және өнер саласын дамыту, жиынтық – талдау бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тізбені Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Г. Базаралиеваға жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негіздеме – Маңғыстау облыстық мәслихатының 12.12.2025 жылғы                        № 24/278 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюдет туралы» шешімі.

 

 

Басқарма басшысы                                                                          Н.Сали

 

 

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының 2026 жылғы « 02» сәуірдегі

№  61 н/қ бұйрығымен бекітілген

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

 

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

 

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

 

 

 

 

 

 

Мәселенің қысқаша сипаттамасы

 

 

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

 

Грант түрі және

грантты іске асыру

 

Грантты іске асыру аумағы

 

 

 

Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер

Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар

(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)

1

Мәдениет пен өнерді дамыту

Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру

Маңғыстау облысында көркемөнер саласының белсенді дамуына қарамастан, өңірлік суретшілердің халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға жыл сайын қолдау білдірілуде.  2025 жылы «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде танылып, өлкемізде Түркі елдерінің танымал суретшілері бас қосып, жергілікті суретшілермен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, Маңғыстау суретшілерінің Түркия елінде «Түркия ғажаптары» сапары ұйымдастырылып, бірнеше қалаларды аралап, Түркияның  суретшілерімен тәжірибе алмасты.

Моңғолия еліне мәдени сапарды ұйымдастыру Маңғыстау суретшілерінің туындыларын Қазақстанның шығармашылық индустриясының бір бөлігі ретінде көрсетіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби көкжиектерді кеңейтуге және өңірлік өнердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

12 387 000

Қысқа мерзімді

1 грант, 2026 жыл

Маңғыстау облысы

Нысаналы индикатор:

1. Маңғыстау облысындағы және халықаралық деңгейдегі 6 суретшіге арналған халықаралық мәдени сапарды ұйымдастыру;

 

2.Қатысушылардың кемінде 70%-ы жобаға қатысқаннан кейін кәсіби шеберліктің артуын және шығармашылық мүмкіндіктердің кеңейгенін атап өтеді  (сауалнама нәтижелеріне сәйкес).    

                        

Күтілетін нәтижелер:

 

1.Маңғыстау облысынан, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі, оның ішінде Моңғолияның танымал суретшілерінің қатысуымен кемінде 5 шетелдік пленэр ұйымдастыру және өткізу;

2.Моңғолия суретшілерін тарта отырып Ұлан-Батор қаласында кемінде 1 шеберлік сабағын ұйымдастыру;

3.Мәдени-білім беру бағдарламасы аясында Моңғолияның кемінде 2 көркем галереясы мен ұлттық музейлеріне бару;

4.Халықаралық сапар қорытындысы бойынша кемінде 100 қатысушыны қамтитын өңірлік көрмені ұйымдастыру;

5.Жоба аясында жасалған картиналарды (кемінде 10 картина) облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсыру;

6.Жоба аясындағы ақпараттық қамту кемінде 30 000 қаралымды құрайды.

 

 

2

Мәдениет пен өнерді дамыту

«Жас қаламгер» жобасы

Өңірдің қазіргі әдеби ахуалын қалыптастыруда және өңір әдебиетін дамытуда жастардың рөлі ерекше және үлесі жоғары. Дегенмен, олардың облыс аумағындағы оқырманмен байланысы, шығармаларының жинақ болып шықпауы ақпараттық жұмыстың кемшіндігі олардың лайықты түрде насихатталуына кедергі келтіруде.

2025 жылдан бастап маңғыстаулық жас ақын-жазушылардың облыстың қала, аудандарын аралап, Жазушылар Одақтарымен, әдеби ұйымдармен, әдеби клубтармен байланысын жолға қою, шығармаларын насихаттау жолға қойылды. Жас ақын, жазушылардың кітаптарын басып шығарып, халыққа ұсынылды. Аталған жұмыстарды биылғы жылы да жалғастыру қажеттілі бар. Аталған жұмыстарды жалғастыру өңір жас қаламгерлерінің ынтасын арттырып, кәсіби өсуіне ықпал етпек.

12 387 000

Қысқа мерзімді

1 грант, 2026 жыл

Маңғыстау облысы

Нысаналы индикатор:

 

1.Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жас авторлардың қатысуымен кемінде 2 әдеби-музыкалық кеш ұйымдастыру және кемінде 3 жас жазушының жинақтарын шығару;

 

2.Қорытынды сауалнама нәтижелері бойынша қатысушылардың кемінде 70%-ы әдеби шығармашылық және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларының жақсарғанын атап өтеді.

 

Күтілетін нәтиже:

                                                               1.Жас авторларға арналған белгілі жазушылар мен әдебиетшілердің қатысуымен жалпы қамтуы кемінде 100 адамды құрайтын кемінде 3 шеберлік сабағын өткізу;

2.Жас авторларды қолдау мақсатында 3 жас жазушының кітаптарын басып шығару және оларды таныстырумен облыс орталығында қамтуы кемінде 100 адамды құрайтын 1 қорытынды іс-шара өткізу;

3.Жоба аясында басып шығарылған кітаптарды (кемінде 450 дана) облыстық кітапханаға тапсыру;

4.Жас авторлардың танымалдылығын арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram) кемінде 30 000 қаралымды қамтитын жұмыстар жүргізу.

 

3

Мәдениет пен өнерді дамыту

Отбасылық ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу

 

Маңғыстау облысында халықтың отбасылық және ұлттық дәстүрлерді сақтау мен орындауға қатысу деңгейінің төмендеуі байқалады.

Жастар арасында қазақ мәдени тәжірибелерін жеткілікті дәрежеде насихаттамау және қазіргі коммуникациялық арналарының (әлеуметтік желілер, БАҚ) шектеулі қолданылуы мақсатты аудиторияның қамтылуын азайтып, ұрпақтар арасындағы байланысты әлсіретеді.

Халықты отбасылық және ұлттық құндылықтарды сақтауға қатысты хабардарлықты арттыру және белсенділікті күшейту жөніндегі жүйелі іс-шаралардың жоқтығы аймақтың мәдени мұрасын біртіндеп жоғалту қаупін тудырады.

12  387 000     

           

Қысқа мерзімді

1 грант, 2026 жыл

Маңғыстау облысы

Нысаналы индикатор:

1.Маңғыстау облысында отбасылық және ұлттық дәстүрлерді насихаттау деңгейін арттыру мақсатында кемінде 100 тұрғынды қамтитын мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;

2.Жобаны әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы насихаттау, ақпараттық қамтуы кемінде 50 000 қаралымды құрайды.

 

 

Күтілетін нәтижелер:

 

1.Маңғыстау облысында отбасылық құндылықтарды, қазақ қыздарын, соның ішінде абысын-әйелдерді насихаттауға бағытталған, қатысушылар саны кемінде 100 адам болатын 1 республикалық байқауды ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттау (I орын – 700 000 ₸, II орын – 500 000 ₸, III орын – 300 000 ₸, сондай-ақ 3 қатысушыға ынталандырушы сыйлықтар – әрқайсысына 100 000 ₸) (іс-шара бағдарламасы Тапсырыс берушімен келусі арқылы);

2.Отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кемінде 2 шеберлік сабағын (әрқайсысында қатысушылар саны кемінде 25 адам) ұйымдастыру;

3.Отбасылық құндылықтар, ата-аналар мен үлкен ұрпақтың рөлі, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді нығайту мақсатында (қатысушылар саны кемінде 50 адам) кемінде 3 дәріс өткізу;

4.Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған кемінде 2 видеоролик жасау (Тапсырыс берушімен келусі арқылы) және оларды әлеуметтік желілерде тарату арқылы жалпы қамтуы кемінде 10 000 қаралымға жету.

 

БАРЛЫҒЫ

37 161 000

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 апреля 2026