Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Үкіметтік емес ұйымдар үшін

2025 жылға арналған мемлекеттік

гранттардың басым бағыттарының

тізбесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 4-2-бабының 2-тармағының                                                    6-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйырығының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Мәдениет және өнер саласын дамыту, жиынтық – талдау бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тізбені Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Г. Базаралиеваға жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негіздеме – Маңғыстау облыстық мәслихатының 13.12.2024 жылғы                        № 17/177 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюдет туралы» шешімі.

 

 

Басқарма басшысы                                                                         Н.Сали

 

 

 

 

Таныстырылды

Дата публикации
03 апреля 2025