Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

Үкіметтік емес ұйымдар үшін

2024 жылға арналған мемлекеттік

гранттардың басым бағыттарының

тізбесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңының 4-1-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі                               № 406 «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағына                   сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тізбені Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негіздеме – Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 жылғы                  № 7/71 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі

 

Басқарма басшысы                                                                        Ә. Байпақов

 

 

 

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының

2024 жылғы 21 ақпандағы

26 н/қ бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

 

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Мәселенің қысқаша сипаттамасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Грант түрі

Нысаналы индикатор

1

Мәдениет пен өнерді дамыту

Жыр жанры бағытындағы жас таланттарға қолдау

Аймақта дала фольклоры мен музыкасының негізінде жыр, терме, қисса, дастан, эпостарды ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен жаңаша форматта сақтау бойынша бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, 2020 жылы аймақтағы өнерпаздардың жыршылық-орындаушылық шеберлігін насихаттауға бағытталған maqamsaz.kz  сайты мен мобильді қосымша пайдалануға берілген. Аталған сайтта 50 автор мен 60 орындаушының 200-ге жуық шығармасы қамтылған.

Сонымен қатар, өткен жылы аталған бағытта аймақта жоба жүзеге асып, өңір жыршыларын қолдауға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Дегенмен, өңірдегі жас орындаушылардың яғни жыршылардың кәсіби деңгейін көтеру және шығармашылық мәдениетін дамыту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

Аймақтағы жыр жанры бағытындағы жас таланттарды анықтау, қолдау және оларды ынталандыру бойынша жүйелі іс-шаралары атап айтқанда жас жыршылардың республикалық додасын, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған шеберлік сағаттарын ұйымдастыру және Маңғыстау облысының мақамшы-сазгерлері каталогын әзірлеуді ұйымдастыру қажет.

8369,0

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысындағы кемінде 50 жыршы, жыраудың кәсіби біліктілігін арттыру

 

Күтілетін нәтижелер:

1)      Маңғыстау облысының кемінде 5 жыршысының және еліміздегі өзге өңірлерден кемінде 5 жыршысының қатысуымен жас жыршылардың республикалық шарасын  ұйымдастыру.

2)      Маңғыстау облысының мақамшы-сазгерлері каталогының кемінде 50 данасын әзірлеу және басып шығару;

3)      Маңғыстау облысындағы кемінде 50 жыршыны қатысуымен республикаға танымал жыршылардың шеберлік сағатын (жыршылықтың кейпі, жыр күйлері, мақам-саздар, жыр саздарының түрлері мен қайырма, қайырымдары) ұйымдастастыру;

4)      Жоба шеңберінде кешенді ақпараттық жұмысты ұйымдастыру (кемінде 1500 адамды ақпараттық қамту)

2

Мәдениет пен өнерді дамыту

Дәстүр жалғастығы

Аймақтағы мәдениет саласының басым бағыттарының бірі – қазақтың ұлттық дәстүрлері мен мәдени мұрасын жаңғырту болып табылады.

Маңғыстау облысы көшпенділер өркениетінің өнер туындысы – киіз үйді құру және жығу, оның жабдықтарын жасау дәстүрін сақтаған аз аймақтың бірі. Аймақтағы мәдениет саласының майталмандарының бастамасымен 2012 жылы «Қазақтың киіз үйі» ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары» көрнекті тізіміне енді.

Бүгінде аталған мәдени мұраны өскелең ұрпаққа жеткізу өзектелігі артып келеді. Сондай-ақ қазақ әйелдерінің киіз үйді жабдықтаудағы қолөнер шеберлігін насихаттау, отбасылық және туыстық қарым-қатынасты нығайтудағы ұмыт болған салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту ерекше маңыздылыққа ие.

Қазіргі таңда азаматтардың бойында ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша кешенді іс-шараларды атап айтқанда жергілікті шеберлердің киіз үйді жабдықтауын үйрету, насихаттау және қазақ келіндерінің болмысын ашу әрі дәріптеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

 

9 226,8

Қысқа мерзімді 1 грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысында ұлттық дәстүрді насихаттау деңгейін арттыру мақсатында кемінде 300 тұрғынды қамту арқылы мәдени іс-шаралар ұйымдастыру

 

Күтілетін нәтиже:

1)      Маңғыстау облысында отбасы құндылықтарының, қазақ келіндерінің оның ішінде абысындар үлгісін насихаттауға бағытталған кемінде 300 адамның қатысуымен 1 республикалық іс-шара ұйымдастыру;

2)      Республикалық шара аясында Аймақтағы кемінде 100 қала тұрғынының қатысуымен ауыл-аймақта Маңғыстау киіз үйін, оның құрылуы мен жиналуы жөнінде ақпарат беретін 1 күндік 1 шеберлік сағатын ұйымдастыру және кемінде 3 әлеуметтік желіде ақпараттық жұмысты ұйымдастыру;

3)      Қазақ келіндерінің оның ішінде абысындар үлгісін насихаттауға бағытталған республикалық іс-шараға кемінде 7 адамнан тұратын аймақтық делегацияның барып-келуін қамтамасыз ету

3

Мәдениет пен өнерді дамыту

Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру

Маңғыстау облысында аймақтың географиялық орналасуы бойынша орталықтан қашықтығына карамастан республиканың және әлемнің мәдени өміріне етене араласуына мүмкіндік беруге бағытталған нақты іс-шаралар жолға қойылған. Мәселен, 2022 жылы аймақ суретшілерінің кәсіби және шығармашылық біліктілігін арттыруға бағытталған «Жеті түс» бейнелеу өнерін дамыту» жобасы іске асып, 100-ге жуық суретші Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының суретшілерінің, Алматы және Астана қаласының танымал суретшілірінің шеберлік сағатына қатысуға мүмкіндік алды. 2023 жылы аймақ суретшілері тәжірибе алмасу және еліміздің мәдени қорын сақтауға бағытталған «Отпантаудан Ұлытауға дейін» суретшілер экспедициясы ұйымдастырылып, кемінде 4 өңірдің сакральды орындарында болып, плэнер ұйымдастырылды. 2022-2023 жылдары аймақ суретшілерінің шығармашылық әлеуетін таныстыру мақсатында Астана қаласында өңір суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда аталған бағыттағы  жүйелі жұмысты сапалы ұйымдастыру еліміздің креативті индустриясы саласының мәдени эскпорты ретінде аймақ суретшілерінің туындыларын Орта Азия елдеріне таныстыру, өңіраралық мәдени қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажет.

 

9 570,5

Қысқа мерзімді 1 грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау обысындағы кемінде 10 суретшіге арналған халықаралық мәдени сапарын ұйымдастыру

 

Күтілетін нәтиже:

1)       Маңғыстау облысының кемінде 10 суретшісінің қатысуымен Өзбекстан Республикасына шетелдік плэнер мен шеберлік сағаттар сериясын ұйымдастыру;

2)       Шетелдік сапар аясында ұсынылған туындылардың кемінде 2 аймақтық көрмесін ұйымдастыру

4

Мәдениет пен өнерді дамыту

Айтыс жанрымен айналысып жүрген талантты жастарға қолдау көрсету

Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде, азаматтардың қоғамдық санасын қалыптастыруда  айтыс өнері жоғары маңызға ие. Қазіргі таңда аталған дәстүрлі өнер азаматтардың бойында азаматтық және қоғамдық  пікір қалыптастыруға, ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салуға ықпал етіп отыр.

Маңғыстау облысында 35-ке жуық жас айтыскерлер бар. Аймақта айтыс өнерін насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жұмыстары жолға қойылған.

Дегенмен, жас ақындардың ақындық шеберлігін шыңдау, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ аймақтағы жас ақындардың республикалық байқауларға қатысу арқылы кәсіби шыңдалуына жағдай жасау, жас ақындардың қоғамдық мәртебесін арттырға бағытталған іс-шараларды сапалы әрі жүйелі ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

9 750,7

Қысқа мерзімді 1 грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысындағы айтыс өнерінің дамуын ілгерілету мақсатында кемінде 30 жас ақынның шыңдалуына қолдау көрсету

 

Күтілетін нәтиже:

1)       Заманауи медиа технологияларды пайдалана отыра аймақтағы жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдалуына, көпшілікке танылуына жағдай жасау және кемінде 2 әлеуметтік желіде кешенді ақпараттық жұмысты ұйымдастыру;

2)       Маңғыстау облысында айтыс өнерін халыққа жан-жақты насихатталуына ықпал ету мақсатында 1 аймақтық шара ұйымдастыру;

3)       Маңғыстау облысындағы кемінде 30 айтыскер ақындарының қатысуымен 4 шеберлік сағатын ұйымдастыру;

4)       Аймақтың 4 ақынын республикалық ақындар айтысына қатысуды қамтамасыз ету

5)       Жоба шеңберінде кешенді ақпараттық жұмысты ұйымдастыру (кемінде 10000 қаралым жинау)

 

БАРЛЫҒЫ

36 917,0

 

 

Дата публикации
22 февраля 2024