МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

«Сенім» медициналық клиникасының эпидемиолог дәрігері Жансая Алтынбектің айтуынша, кез-келген тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаны облыстық қан орталығына келіп алуға болады. Алдымен дәрігерлер екпе алушының қан қысымын мұқият тесеріп шығады. Онкологиялық, созылмалы ауруы жоғын анықтайды.

"Бұған дейін клиниканың медициналық қызметкерлері арнайы оқытылған. Жұмыс уақыты таңертеңгі 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Егу кабинетінде дәрігер, оның көмекшілері және эпидемиолог маман бар", - деді Жансая Алтынбек.

«Сенім» медициналық клиникасының дәрігер-терапевті Бақыт Нариманқызының айтуынша, халықты коронавирус инфекциясынан құтқаратын бір ғана жол бар, ол – екпе алу.

«Науқас келгенде алдымен жеке куәлігін сұраймыз, денсаулығына шағымы бар немесе жоғын білеміз, бұған дейін қандай аурумен ауырғандығын нақтылап аламыз. Дәрі-дәрмекке аллергиясы бар жоғына назар аударылады. Созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұратындығы немесн тұрмайтындығы тексеріледі. Қан қысымы мен сатурациясын өлшеген соң, жүрегі мен өкпесін тыңдаймыз. Сауалнаманы толтырып болған соң егу кабинетіне барып, вакцина салдырады», - дейді Бақыт Нариманқызы.

Мамандардың айтуынаша вакцина салдыру екі компоненттен тұрады. Біріншісін алған соң 21 күн өту керек. Кейін екінші компонент алуға рұқсат етіледі.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ