МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА СПУТНИК-V ВАКЦИНАСЫНЫҢ 10600 ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА СПУТНИК-V ВАКЦИНАСЫНЫҢ 10600 ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Оның 1000 дозасы Бейнеу ауданына жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бізде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинамен жұмыс істеу тәжірибесі бар. СОVID-19 инфекциясының алдын алу үшін вакцинаны сақтау, есепке алу үшін барлық жағдайлар сақталған және қамтамасыз етілген. Айта кету керек, бүгінде барлық екпе алғандар өздерін жақсы сезінеді. Теріс нәтиже байқалмады", - деді Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер және лицензиялау бөлімінің бас маманы Мөлдір Қадылбекова.

Вакцинаның 9600 дозасы (4800 дозаның І компоненті, 4800 дозаның ІІ компоненті) қалалық және аудандық медициналық мекемелерге жөнелтіледі.
________
МАҢҒЫСТАУДА КЕЛЕСІ АПТАДАН БАСТАП ХАЛЫҚТЫ ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛАДЫ

Вакцинациядан бұрын міндетті түрде тіркелген жері бойынша емханадағы дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігерлер пациентті тексеріп, содан кейін препаратты енгізуге рұқсат береді.

Мысалы, Ақтау қаласында №1 және 2 Ақтау қалалық емханаларында, сондай-ақ "Нейрон"медициналық клиникасында вакцина алуға болады.

Вакциналау басталғаннан бері облыс бойынша 2965 адам вакцина салдырды.

🔷2 сәуірде вакцинаның I компонентімен 175 адам егілді.
🔷55 адам ІІ вакцина алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік "Sputnik V" вакцинасымен дәрігерлер, педагогтар және құқық қорғау органдары егілді.